USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Электросамокатпен жүру ережесі қабылданды

  • 19.қазан.2021, 10:44,
  • 118

«РИА Новости» басылымы электросамокат және өзге де жеке мобильділік құралдарына қатысты жол ережесіне өзгеріс енгізілетінін хабарлады.

Жылдамдық — 25 км/сағ.


Жеке мобильділік құралының жылдамдығын сағатына 25 шақырымға дейін шектеу ұсынылды. Сондай-ақ ең жоғары салмақ шегін 35 келі деп белгілеу жоспарланған. Бірақ ол барлық қос дөңгелекті көлікке қатысты емес, тек жаяу жүргіншілер арасында тротуармен жүретін техникаға әсер етеді.


Жүргізушінің жасы және мінуге болатын орындар


7 жасқа дейінгі балаларға тротуарда, жаяу жүргіншілер және велосипед жолында, жаяу жүргіншілер аумағында жеке мобильділік құралымен жүруге рұқсат етіледі. Бірақ қасында ересек болуға тиіс.


14-тен асқан балалар қос дөңгелекті көлікпен жолға шыға алады, бірақ бірнеше шартты орындауы керек. Біріншіден, жанында тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолы жоқ болса және жолдағы ең жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырымнан аспайтын болса ғана жолдың жүріс бөлігіне өтуге болады. Екіншіден, жолдың шетімен немесе жүріс бөлігінің оң жақ шетімен жүруі керек.


Самокат қандай көлік?


Электросамокат пен өзге де жеке мобильділік құралдарына қатысты мәселе Ресейде ғана емес, Қазақстанда да күн тәртібінен түскен емес. Біздің елде ІІМ соңғы жылдары мұндай көліктерге әртүрлі баға беріп жүр. Алдымен электросамокатты мопедке теңестіріп, тротуармен жүруіне тыйым салды. Кейін керісінше, оларды жолдың жүріс бөлігімен жүргізбей қойды. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, осы мәселені шешу үшін құрылған арнайы топтың жұмыс істеп жатқанына бірнеше ай болыпты, алайда атқарылған істің нәтижесі әлі жарияланған жоқ.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.09.2021
26.04.2021
27.01.2021
15.10.2020
23.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930