USD 521.81
EUR 543.67
RUB 5.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Путин пікірінше тәлібтерді мойындауға асықпау қажет

  • 15.қазан.2021, 16:19,
  • 151

Біз Талибанмен (Қазақстан аумағында тыйым салынған ұйым) өзара іс-қимыл жасау қажет екенін түсінеміз, бірақ оған асығуға болмайды, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.

"Қазір Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық танытып отырған әріптестеріммен келісемін. Кейбір елдер бұл аймақтан алыс болса да, ол Орталық Азия мен бүкіл ТМД кеңістігі үшін қауіп-қатерге толы. Жағдай, ең алдымен, терроризмге және есірткіге қарсы бағыттарда бірлескен күшті жандандыруды талап етеді", - деді Путин ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.


Ол достастық шекараларына жақын жерде ИГИЛ, Өзбекстанның ислам қозғалысы, Аль-Каида, Ансаруллах және басқалар сияқты экстремистік және террористік топтардың шоғырлануы айқын көрінетінін айтты.


Мәселен, Ресей Федерациясы басшысының деректеріне сәйкес, Ауғанстанның солтүстігіндегі ИГИЛ-діктер саны шамамен 2 мың адамды құрайды, ал олардың басшылары Орталық Азия мен Ресей аймақтарына өздерінің ықпалын арттыруды жоспарлап отыр, олар діни өшпенділікті қоздыруға тырысады.


"Террористер достастық аумағына босқын ретінде кіргісі келеді. Талибан құрған уақытша үкімет Ауған қоғамының толық бейнесін көрсетпейді. Сонымен қатар, жалпы сайлау өткізу ниеті жарияланды, мемлекеттік басқарудың қалыпты жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Біз ТМД шеңберінде бәріміз бірге осы уәделердің іс жүзіне асуын қадағалаймыз. Бірақ, басқа да әріптестеріміз де айтқандай, Қазақстан Президенті де әзірге тәліптерді ресми мойындауға асығудың қажеті жоқ екенін айтты, мен онымен толық келісемін. Біз олармен қырым-қатынас орнату керек екенін түсінеміз, бірақ бұған асығуға да болмайды. Сіздермен бірге талқылап, кеңесетін боламыз. Соған қарамастан, Ауғанстандағы жағдайды қалыпқа келтіру процесін қолдау қажет", - деді Путин.


Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес отырысында сөйлеген сөзінде қазіргі заманғы жағдайлар қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Бұл ретте, оның айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыста терроризмнің, діни экстремизмнің, есірткі саудасының өсіп келе жатқан сын-қатерлеріне бірлесіп қарсы тұру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет, өйткені бұл қатерлер Ауғанстандағы қалыптасып отырған ахуал аясында аса маңызды мәнге ие.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.09.2021
10.09.2021
25.05.2021
25.02.2021
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031