USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дмитрий Медведев ауруына байланысты сайлаудан кейін партия штабына келе алмады

  • 20.қыркүйек.2021, 15:11,
  • 136

"Единая Россия" Бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак партия төрағасы Дмитрий Медведев жақында сауығып кетеді деп үміттенеді. Қазір ол қатты жөтеліп жатыр. 

"Единая Россия" төрағасы коронавирус жұқтырды ма деген сауалға Турчак Медведевте "қатты жөтел бар" деп жауап қатты.


"Мен оның қатты жөтеліп жатқанын ғана айттым. Оның сауығып кететініне сенемін", - деді ол.


Бұған дейін денсаулығына байланысты дауыс беру аяқталғаннан кейін Медведевтің партия штабына келмегені белгілі болды.


"Алайда ол "баршаңызға үлкен ризашылық білдіретінін" айтты", - деп атап өтті Турчак.


"Единая Россия" Бас кеңесі хатшысының орынбасары Евгений Ревенко Ресейдегі сайлауда партияның жеңіске жеткенін жариялады. Фракция тізімде де, бір мандатты округтер арасында да көш бастап тұр. Ревенконың айтуынша, Мемлекеттік Думаға сайлау "бәсекелестік күреспен әділ" өтті.


Бұл ретте "Единая Россияның" басшысы Неверов сайлаудан кейін Дума фракциясының құрамының жартысы өзгеретінін айтты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.04.2021
11.01.2021
07.11.2020
11.10.2020
24.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031