USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Джо Байден адасып кете жаздады

  • 12.августа.2021, 16:05,
  • 145

Ақ үйге кіре берісте арнайы агент нұсқауын елемеген АҚШ президенті Джо Байденнің әрекеті желі қолданушыларын тағы да таң қалдырды.

The Hill басылымы америкалық президенттің Уилмингтоннан ұшып келіп, өз резиденциясына оралған сәті түсірілген видеоны жариялады.


Видеода Америка президенті арнайы төселген жолмен емес, көк шөпті басып жүре береді әрі оған дейін қауіпсіздік қызметкері қалай жүру керектігін көрсеткен нұсқауды елемейді.


Бұл видео 78 жастағы президентті сынайтындарға жақсы болды, олар Байденнің конгнитивтік бұзушылыққа, яғни ақылынан алжасуға бейім екенін тағы да айтып, шуласты.


Олар бұған дейін де АҚШ-тың егде жастағы президенті Байденнен ел басқаруға қабілетті екенін дәлелдеу үшін когнитивті тест тапсыруын талап еткен. Бірнеше сарапшы көшбасшының ақылы кеміп, ұмытшақтыққа ұрынуы мүмкін деп мәлімдеген де еді.


Алайда кейбіреулер егде жастағы президентті қорғап, арнайы агент мемлекет басшысына Ақ үйге бару үшін айналма жол барын көрсеткен деген пікір білдірді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.06.2021
25.05.2021
07.11.2020
08.11.2020
18.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031