Бүгін 67 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов сынға түсуде.
Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады.
Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті.
Әзірге, Дархан Асаділов өз тобында 4 ұпай жинап, көш басында келеді.
Айта кетелік, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.