USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Олимпиада-2020: Бірдей екі боксшымыз жарыстан шықты

  • 28.июля.2021, 13:28,
  • 297

Бокстан 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Серік Теміржанов пен 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен, Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов Токио ойындарында қарсыластарынан ұтылып қалды. 

Ең бірінші кезекте Олимпиаданың 1/8 айналымында Теміржанов америкалық Дюк Реганмен жүздесіп, 0:5 есебімен таза ұтылды.


"Қолымнан келгенше тырыстым, әлім жетпеді. Бар күшімді салдым. Не істей аламын, соның бәрін жасадым. Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Барымды салдым, бұйырмады", - деді Серік Теміржанов.


Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов те жеңілді. 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан ол ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын. Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.


Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.07.2021
27.07.2021
27.07.2021
26.07.2021
20.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031