USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жаңа санкциялардан кейін Ресей рубль деңгейін нығайтуға тырысып жатыр

  • 15.июня.2021, 14:23,
  • 267

Еуразиялық экономикалық одақтың доллардан бас тарту мәселесі көтерілгелі Ресей валютасы теңгеге де, долларға да қатысты біршама нығайды. Бір апта бұрын ғана 5 теңге 85 тиын тұрған 1 рубль қазір 6 теңгеге саудалануда. 

14 маусымда доллар арзандап, таңғы сессияда 426 теңге 73 тиын боп бекітілген. Қазір кейбір ақша айырбастау орындары Ресей ақшасын сатуды мүлдем тоқтатып қойған. Сарапшылар мұны алыпсатарлардың өзіндік айласы дейді. Яғни айырбастау пукнттері рубль тағы да қымбаттай түседі деген үмітпен бұл валютаны жинауды жөн көріп отыр.


АҚШ пен Еуропа санкциялары арқылы экономикаға залал келтіре алмас үшін Ресей доллардан бас тартудың амалдарын қарастыруда. Қазір тек теңге емес, АҚШ доллары, еуроға қатысты да рубльдың қымбаттауы байқалады. Қазақстанның да, Ресей валютасының да бағамы мұнай бағасына тікелей байланысты. Өйткені Брент маркалы қара алтынның баррелі қымбаттап 70 долларға жетті. Бұл да теңгенің де, рубльдің де долларға қатысты нығаюына әсерін тигізуде.


Әкімжан Арупов, экономист:


- Рубльдің долларға қатысты арзандауы біздің экономикаға әсер ете қоймайды. Бізде тек осы жағдайға байланысты төл валютамыздың бағамына түзету енгізілді. Теңге құны бұдан әрі қатты құбылмауға тиіс.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.06.2021
20.12.2020
11.08.2020
22.07.2020
21.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031