USD 538.13
EUR 624.88
RUB 6.64
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента
---

Зейнетақы жинағын алуға рұқсат алған қазақстандықтардың есепшотына ақша түсті

  • 03.ақпан.2021, 11:20,
  • 232

Зейнетақы жинағын алуға рұқсат алған қазақстандықтардың есепшотына 112 миллиард теңге түсті

"1 және 2 ақпанда бірыңғай зейнетақы төлемдерінің алғашқы екі күнінде БЖЗҚ салымшылардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы есепшоттарына 112,3 миллиард теңгеден аса қаражат аударды. Осылайша, "Отбасы Банк" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның уәкілетті операторларынан келген 20 252 өтінім орындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 1 ақпанда БЖЗҚ 25 қаңтарда түскен өтінімдер бойынша төлемдер жүргізе бастаған және "Отбасы банкке" салымшылардың 8 454 өтініші бойынша 49 миллиард теңгеге жуық ақша арнайы шоттарға аударылған. Кейінірек 20 мың қазақстандықтың арнайы шотына бір реттік зейнетақы төлемі түскені хабарланған.

Бұған дейін "Отбасы Банк" АҚ зейнетақы төлемдерін алған алғашқы қазақстандық Шымкент қаласының тұрғыны екенін айтқан болатын.



#зейнетақы #БЖЗҚ #ақша #салымшы #ипотека 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.01.2021
28.01.2021
27.01.2021
22.01.2021
09.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031