Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады.
30 желтоқсанда қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ел тарихында алғаш рет шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынған дерек бойынша, өткен тәулікте 447 адамнан коронавирус анықталды. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда, 37-ге аз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа 2022 жылмен құттықтады.