Инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол 2020-2025" мемлекеттік бағдарламасының аясында елімізде 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады. Оның ішінде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырымды құрайтын 18 учаске ағымдағы жылдың маусым айынан бастап пайдалануға беріледі.