Таяуда атқарушы биліктің лауазымды тұлғаларының бірі «Қазірдің өзінде Қазақстанмен еркін экономикалық аймақ құру жөнінде 30 мемлекеттен ұсыныс түсті» деген ақпарат таратты. Былай қарағанда, елімізге әлем елдерінің қызығуы қуанышты хабар секілді.
Өрістің кеңейіп, алыс-берістің көбейгеніне не жетсін. Десек те, біз осынау соны жаңалықты әр қырынан алып қарап «еркін экономикалық аймақтар құру қажет пе» деген сұраққа жауап іздедік. Сонда бұл ізденістің нәтижесі былайша өрнектелді: