Covid-19 індетінен құтылып, енді қоңыр күздегі екіншісін қарсы алуға дайындалудамыз. Алда тағы не болып кетер деген үрей де, біріншісін жеңсек, келесісін де өткерерміз деген үміт те жоқ емес. Жанға бататыны, жаңа толқынның балаларға тиетіні деген сыбыстың көбейе түскені. Халықтың дайындығы іштей моральдық және ұл мен қыздың иммундық жүйесін жақсартумен байланысты болып тұр. Бұл ретте бұрынғыдан сабақ алған Денсаулық сақтау министрлігінің әзірлігі қалай?