Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды.
Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті. Бұл ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
БҚО әкімдігі бюджет шығындарын қысқарту мақсатында қызметтік көліктен бас тартып, таксиге отырмақшы. Қазіргі уақытта әкімдік такси қызметімен келіссіөздер жүргізіп, инвесторлар іздестіріп жатыр.
Қазақстандықтарды террорлық белсенді аймақтардан шығару бойынша "Жусан" операциясының барлық кезеңі аяқталды. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков айтты.
Сирия астанасы Дамаск қаласында жарылыстардың дүмпуі естілген.
Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеудің элиталық кезеңінде Чехияны ірі есеппен жеңіп, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Павлодар облысының жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді.
Ыстамбұлда апатқа ұшырау алдында қонған ұшақтың видеосы пайда болды.
Қытайда коронавирустан 563 адам қайтыс болды, вирус жұқтырғандардың саны 28 018-ге жетті, ауруханадан 1153 адам шығарылды.
Ыстамбұлдағы Сабихи Гекчен әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.