Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында медицина қызметкерінің ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталды.
Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының әкімі болып тағайындалды.
Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қытайдан келген қазақстандық студенттер мен туристер қалай тексерілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, олардың елге келуі басқа қазақстандықтар үшін толық қауіпсіз болады.
Қазақстанда 38 адам коронавирус жағдайына байланысты санитарлық бақылау жағдайында медициналық мекемелерде жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемқызметкерлерді "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен жұмыс істеуге жіберуді ұсынды.
Үкімет қорынан жұқпалы аурулардан, оның ішінде коронавирустан қорғану заттарын сатып алу мақсатында қосымша 1,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.
2023 жылы қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы елдегі орташа жалақының 30 пайызы, яғни 70 мың теңгеден төмен болмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air әуе кемесінің екінші ұшқышын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.