USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бодандық уақыттағы діннің куәгері

  • 22.желтоқсан.2020, 19:54,
  • 336

Тәуелсіздікке дейінгі де, кейінгі де уақыттың куәгері болған ақсақалдың әңгімесі

«1988 жылдың қарашасы. Бес қария мешіттен намаз оқып шықтық. Мешіттің тозығы жеткені сонша, бір бұрышы құлаған еді. Жанымдағы қарттарға:

– Ел емеспіз бе, Алланың үйі ғой, осы мешітті ретке келтірсек қайтеді? - дедім. Сонда жанымдағы замандасым:

– Ей, ертең мына отырған бесеуіміз өлеміз, мына мешітке біреу келіп намаз оқиды дейсің бе? - деді.

Шынымды айтсам, әлгі досқа қарсы айтар жауабым болмады. Себебі, сол кездері ауылдағы дін деген бізбен бірге бітетіндей көрінгені рас еді. Осылай да түңілген кездеріміз болған, қарағым. Қазір мешітке барғанда толып жүрген жастарды көргенде төбем көкке сәл жетпей қалады. Жасым 80-нен асқанда осы бақытты көргеніме тәубе етемін. Елдің болашағы – жастарымыз, жаңа толқын иманды болса, ел түзелетініне сенемін.

Кеше біз күдер үзген едік, сендер үзілгенімізді жалғап, өшкенімізді жандырдыңдар...»

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.11.2020
16.09.2020
13.09.2020
29.08.2020
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930