USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағанды облысының 77 көшесі Абай есімімен аталды

  • 14.қараша.2020, 12:50,
  • 1 281

Қарағанды облысында Абай ескерткіші ашылып, көшеге ақынның есімі берілді.

Қарағанды облысында Ұлы ақын және ойшыл Абайдың 175 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар жалғасуда. Қарағандыда көшелердің біріне ақынның есімі берілді, ал Абай қаласында ескерткіші ашылды.

Көшенің ашылуы салтанатты түрде ресми тұлғалардың және қала тұрғындарының қатысуымен кеншілер шаһарының орталығында, Абай ескерткішінің алдында өтті.

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық Абай клубы сыйлығының лауреаты Серік Ақсұңқарұлы Абайға арналған өлең оқып, еңбектерінің қазақ халқы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Мен әлемнің барлық классик ақындарының шығармаларын оқыдым: Пушкин, Гете және басқалар. Бірақ Абай шығармалары - бұл бөлек шексіз шығармашылық тұңғиық. Бүгінде оның барлық дерлік шығармалары орыс тіліне аударылмаған. Абайды білу үшін қазақ тілін үйрену керек деп есептеймін», - деді ол

Көшенің ашылуына Dacia румын этномәдени орталығының Жастар қанатының жетекшісі Александр Урмашов келді.

«Қаламызда Ұлы ойшыл Абайдың есімімен аталатын көшенің пайда болғаны өте жақсы. Оның еңбегі мен үлесі бүкіл әлемде мойындалған. Биыл Бухарестте Абай бюстінің ашылуы өтті. Бұл Қазақстанның ұлттық жаңғыруға деген ұмтылысын бүкіл әлем қолдайтынын білдіреді», - деді Александр Урмашов.

Қоладан құйылған биіктігі он метрге жуық Монумент Абай қаласындағы Мәдениет үйінің алдындағы алаңда орнатылды. Бұл Абай Құнанбаевтың халық ағарту ісіне қосқан зор үлесі және басқа да көптеген еңбектері үшін көрсетіліп отырған құрметтің белгісі.

Жоба авторы - Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин. Мүсінші ақынды толық бойына сай, қолында кітап және қашықтыққа қарап тұрған күйінде бейнелеген. Эскиз конкурстық негізде іріктеліп алынды және ескерткіштер мен құрылыстар жөніндегі республикалық мемлекеттік комиссиямен бекітілді.

Ескерткішті құюға 5,6 тонна қола жұмсалды. Бұл фигураны Қазақстан Суретшілер одағының облыстық филиалының комбинатында жасады.

Қарағанды облысында бұл Абайдың сегізінші ескерткіші. Алғашқы мүсіндер 50 жыл бұрын пайда болды.

«Биыл еліміз Ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өтуде. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл ұлттың рухани дамуына және халықтың бірлігіне ықпал етеді. Біздің облыста мерейтойлық датаға арналған жүздеген іс-шаралар өтті. Бүгін біз қазақ халқының данышпан ұлына тағы да құрмет көрсетудеміз. Біз бәріміз Абайдың шығармашылығына және дана қара сөздерінде сүйене отырып оқыдық. Оның өсиеттері бүгінгі күнге дейін өзекті. Біздің міндетіміз - осы байлықты сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу», - деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Абай қаласында ескерткіштің ашылу салтанатында.

Ескерткіштің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен қонақтар-ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, абайтанушылар қатысты.

«Абай - ұлтымыздың болашаққа деген ұлы жолы, руханиятымыздың алтын діңгегі. Қазақ халқының барлық ұлы қасиеттері Абайдың мұрасында, оның дана ойларында жатыр. Интеллектуалды және білімді ұлтты қалыптастыру, сананы жаңғырту – мұның бәрі Абайдың рухани мұрасының қазынасын білуге мүмкіндік береді. Оның даналығы әрбір адамның жүрегіне мейірімділік ұялатады», - деп атап өтті ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев.

Аудандық мәдениет үйінің алаңы көркейе түсті. Аумақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша абаттандырылды. Субұрқақтар, ротундар және МҮ қасбеті жөнделді. Қырлы тас ауыстырып, заманауи шамдар, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды.

Бұл күні Абайда жергілікті ақындардың «Абай жаққан бір сәуле...» атты жинағының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, Мұхтар Әуезовтің әлемнің 18 тіліндегі «Абай жолы» роман-эпопеясының дискілі жинағы ұсынылды. Кітаптарды цифрлау Шахтинск қаласының орталық кітапханасымен бірлесіп жүргізілді.

Қарағанды облысында Абай 175 жылдығына орай көрмелер, мәнерлеп оқу байқаулары, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, челлендждер және басқа да іс-шаралар өткізілді. Мерейтойға орайластырылған спектакльдерді қазақ және орыс драма театрлары қойды.

Облыста қала, 77 көше және 12 мекеме Абай есімімен аталады.



#абай #көше #ақын #жазушы #қарағанды #есімі #ономастика #175жыл 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.09.2020
05.09.2020
30.08.2020
01.07.2020
14.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930