Тілдері аз-паз былдырлағанымен, сөздері һəм түр тұлғасы Қазақтікінен аумайды. Біреуі жиырмадан асса, қалғандары 18 ге енді енді аяқ салған. (Соған қарағанда 18 ге толмағандарды кіргізбейтін секілді). Қысқасы жап жас болсада бөтен ел, бөтен жерде нан тауып жүр.. Бір жағынан қажырлықтарына қызығып, бір жағынан жаным да ашып - ара тұра елдеріндегі хал-ахуалды, тіршілігі жайлы сұрап- əңгімеге тартатынмын.
Сонда ересегінің айтқаны:
- Біз жақта мектеп- тоғызыншы сынып қа дейін ғана. Бірақ сол тоғыздыда жетістіріп бітірмей - жұмыс жасап кетеміз. Əттең, оқығым ақ келеді. Бірақ бізде оқу тым қымбат. Тіпті оқығанның өздерінің көбі жұмыс таба алмай осылай сенделіп жүреді. Жұмыс тапсада өсу жағы қиындау. Себебі жақсы жердің бəріне өзбектер жайғасып алған...
Мына тектес əңгімелерінен кейін тіптен жаным ашып кететұғын. Тіпті бірде: -Бауырым ау, осында, Қазақияда оқысаңдаршы. Білімің болса тегін ақ оқытады. Сендер тұрмақ сонау Индия, Пакістаннан келіп оқып жатқандар бар ғой. - деп едім ол ауыр күрсініп:
- Өзбекстанда басқа елдің дипломы жүрмейді деді. Ойланып қалдым. Сөздеріне қарасам Қарақалпақтарың Өзбектерге кəдімгідей бодан тіпті құл болып жүр екен... Сосын темекіні тұтатиымда - əрі ойланып, бері ойланып:
- Елдеріңнің болашағы өз қолдарыңда. Былай жұмыс істеп қаңғып жүргендеріңнен ештеңе өзгермейді. Сондықтанда білім үйреніп, соны еліңе барып пайдаға асырыңдар. Мектеп ашыңдар. Жастарды оқытып қанат бітіріңдер. Жұмыс көздерін ашып, Қарақалпақтарға жұмыс беріңдер. Сөйтіп елдеріңе өздерің көмектеспесеңдер сендерге басқа ешкім көмектеспейді. Ертең өз балаларың осылай қаңғырып жүрсе еркектіктеріңе сын емеспе.. - дееееп өзімнің айдалада жүргенімді ескермей, ақылды жібердім кеп... Тіпті жиылған тастың үстіне шығып алып, мінберде тұрғандай шаптым. Қолды да барынша сермедім.. Ауыздарын ашып ойланып қалғандай болды.. Ия... Айтуым міндет.. Ар жағын өздері шешер..
Əңгіме барынша қысқартылып алынды. Əйтпесе ,тереңірек түсіндіру һəм құлақтан кіргізіп бойларын алдыру мақсатында диалогтар əр түрлі деңгейдегі боқтық сөздермен салмақтанған болатын...
Суреттені Орағамның сөзі дəл маған айтылғандай...
(с) Бурахан Даканов