"Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ ағымдағы жылдың 12 қарашасынан бастап "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде (ЭҮТШ) Visa халықаралық төлем жүйесінің платформасында өткізілген QR-код арқылы төлем қызметі қолжетімді екенін хабарлайды. Сервисті "ҰАТ" АҚ мен Halyk Bank ("Қазақстан Халық банкі"АҚ) бірлесіп әзірледі.