Парламент палаталарының бірлескен отырысы 22 маусымда өтеді. Бұл туралы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин қол қойған өкімде мәлімденген.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.