Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеудің элиталық кезеңінде Чехияны ірі есеппен жеңіп, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталып, Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды.
21 шілде күні Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының нормативін орындады, деп хабарлайды Olympic.kz.