Алматы облысының Қарасай аудандық сотында Шамалған темір жол өткелінде пойыз автобуспен соқтығысқан соң қозғалған іс аяқталды. Сот оқиғаға кінәлі адамға үкім жариялады.
Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнар Каримова 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Соты хабарлады.
Пробация қызметі заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотынан экс-премьер Серік Ахметовтің қамаудағы мерзімін қысқартуды сұрады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев допингпен ұсталған спортшылардың сыйақыларын қайтару туралы заңға қол қойды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының 2019 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы өкімге қол қойды.
Таяуда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.
Білім және ғылым министрлігі 9, 11 және 12 сынып оқушылары тапсыратын қорытынды емтиxанды алып тастауды ұсынды.
Бейбіт Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
Мұхтар Тілеуберді ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі бюджет пен кадр, штаб кестесі жайлы ақпараттарды ашық түрде жариялауды міндеттейтін бұйрыққа қол қоймақшы.