Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
Алматыда белгілі қоғам белсендісі, Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Ислам Угушев бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке қамалды. Бұл туралы ол кеше, 24 желтоқсанда Facebook желісіндегі парақшасында айтты.
Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосы басшылығының қатысуымен әскери тумен қоштасу салтанатты рәсімі өтті. Қазақстан Қарулы күштері бірқатар офицерін запасқа шығарып салды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.