Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасы аумағын артуда. Әзіррбайжандық танымал журналист Аида Эйвазова эстафетаны қабыл алып, ары қарай Қырым, Саха еліне жолдады. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы қарсаңында өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталды. Бұл әдеби шараның тұсауын 9 жасар Ләйлім Шырақ есімді бүлдіршін кескен еді. Кезек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.