Дүйсенбі 9 желтоқсанда Парижде "норманд төрттігінің" кездесуі өтті. Ресей, Украина, Франция және Германияның басшылары - Владимир Путин, Владимир Зеленский, Эммануэль Макрон және Ангела Меркель бір үстел басында отырды. Әлем елдерінің басшыларының кездесуінің негізгі мақсаты - Украинаның оңтүстік шығысындағы дағдарыс мәселесін шешу. Алайда кездесу барысында аздаған келеңсіз жайт болды.