Сыйақының шекті мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейтін базалық мөлшерлемеге байланысты болады. Кеше, 9 қыркүйек, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің 9 пайыздан 9,25 пайызға дейін көтерілгенін жариялады.