Синхронды жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Александра және Екатерина Немичтер 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады.
Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталып, Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды.
21 шілде күні Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының нормативін орындады, деп хабарлайды Olympic.kz.