Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туған күні қарсаңында туып-өскен ауылы Ондыда еңселі ескерткіш бой көтерді.
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың құрметіне елорданың сол жағалауынан көше атауы берілді.
Елордада қазақтың үш арысы - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіштер қойылады. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен "Менің тілім – ұлы дала рухы" ХХІ қалалық тіл фестивалінде мәлім етті.
Ақмола облысында «Көкшетау – Нұр-Сұлтан» тас жолы бойында бес тарихи тұлғаның ескерткіші орнатылды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.