Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай кезінде блокпостта тәртіп бұзған 128 адам жазаланды. Оның ішінде 99-ы қамауға алынды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов карантин кезінде қай жерлерде блокпосттар қойылатынын айтты.