ҚР энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы Қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.