Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин АҚШ-тың Атланта қаласында жүзуден өтіп жатқан ашық чемпионатында тағы бір медаль алды.
Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталып, Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды.
21 шілде күні Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының нормативін орындады, деп хабарлайды Olympic.kz.