USD 503.35
EUR 590.63
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елбасы Отан қорғаушы күнімен құттықтады

  • 06.мамыр.2021, 15:47,
  • 407

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. 

"Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері мемлекетіміздің тұрақтылығының, аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепілі болды.

Біз әрдайым армияны дамытуға, оның қорғаныс қабілетін арттыруға, әскерилерді жан-жақты қолдауға баса көңіл бөлдік.

Соның арқасында Қазақстан әскерінің сапында болу рухы мықты адамдардың мәртебелі әрі жауапты міндетіне айналды. Бүгінде Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету –абыройлы іс. Әскери форма киген адам жауапкершілігі жоғары, нағыз патриот болып саналады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап тиімді қауіпсіздік жүйесін құрғанға дейінгі аралықта еліміз ауқымды жолдан өтті.

Бүгінде біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да айбынды армиямыз бар.

Отан қорғаушыларды және барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын!

Баршаңызға мықты денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!", - делінген құттықтауда.



#Елбасы #Назарбаев #ОтанҚорғаушы #құттықтау 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031