USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұрлан Әлімжанов жаңа қызметке тағайындалды

  • 19.наурыз.2021, 16:20,
  • 173

Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Ақмола облысы Бурабай ауылында дүниеге келген. Ол - танымал ақын, жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Баянғали Әлімжановтың жалғыз баласы. Кішкентай кезінде ғарышкер, кейін десантшы болуды армандаған Нұрлан Әлімжанов кейін әкесінің ізімен жүріп, шығармашылыққа бет бұрады. Айтуынша, алғаш рет 8-сыныпта ән шығарған.

Ол "Серпер" Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. 2013 жылы 13 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған. 2013 жылы Нұр Отан партиясының арнайы "Жас тұлпар" жастар сыйлығының иегері. Кино саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері. Сонымен қатар, Елбасының жеке алғыс хатымен марапатталған.

Еске салайық, 2019 жылы танымал актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған болатын



#НұрланӘлімжанов #қызмет #тағайындау #саясат #басшылық 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.03.2021
18.12.2020
08.08.2020
11.09.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031