USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Прокурорлардың жұмысы қанағаттарлық емес

  • 17.ақпан.2021, 12:38,
  • 247

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Қазақстанның Бас прокурорына жергілікті прокурорлардың жұмысына наразылығын білдіріп, сауал жолдады. 

Мәжілісменнің айтуынша, прокуратура органдарының беделі барлық уақытта мызғымас, кез келген азамат білікті көмек ала алатын, ал кәсіпкерлер арасында қадағалаушы ғана емес, ең алдымен құқық қорғау органы ретінде қабылданып келген.


"Алайда кейінгі жылдары прокурорлар өтінішті қарау кезінде қолданыстағы заңнамаға сілтеп, істен бас тартып, жұмыстан шет қалып барады. Олар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 435-бабына сәйкес, сот актілеріне мемлекет, қоғам және өзін-өзі қорғай алмайтын азаматтар мүдделерін қозғайтын істер бойынша ғана наразылық білдіре алады. Бұл жағдайда әділ сот төрелігінен үміттенетін, шындықты іздейтін азамат немесе кәсіпкер мемлекет немесе шенеунік қысымынан қалай қорғанады?", - деді депутат.


Мақсат Раманқұловтың айтуынша, басқа жағдайларда прокурор "Прокуратура туралы" Заңның 6-бабына сілтеме жасай отырып, нақты жекелеген деректерге ден қоюдан бас тарта алады. Онда "шектеусіз адамдар тобының" мүдделерін қозғайтын не "адамдар өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарлардың алдын алу" жағдайы ғана айтылады.


"Шектеусіз адамдар тобы" дегеніміз не? Бұл бір іске қатысты жаппай шағым түсуі", - деді ол.

Депутаттар құқық қорғауда толыққанды қадағалау функциялары мен прокуратура органдары белсенділігін қалпына келтіру қажет деп санайды.


"Біз бұл мәселені жиі талқылап келеміз. Бірақ Президенттің өзі бұл мәселені қозғағаннан кейін жағдайды өзгерте аламыз деп үміттенеміз", - деп түйіндеді ол.


#прокуратура #депутат #заң #Мәжіліс #сот 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.02.2021
27.01.2021
05.12.2020
28.07.2020
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031