USD 516.77
EUR 542.87
RUB 5.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбелік мәслихат депутаты Аркадий партиядан қуылды

  • 08.желтоқсан.2020, 14:28,
  • 465

Ақтөбелік мәслихат депутаты Аркадий Ни ұсталғаннан кейін партиядан шығарылды.

Мұның алдында әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда Ақтөбеде 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген күдікпен белгілі бизнесмен, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі Аркадий Ни ұсталғаны туралы мәлімет пайда болды.

Ratel.kz порталының мәліметінше, бизнесмен кішкентай қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінген. Сол әрекеті үшін, яғни қыздың пәктігі үшін бизнесмен 1 миллион теңге төлеген делінеді. Ал кейінгі жыныстық қатынастар үшін бизнесменнің 50 мың теңгеден төлеп тұратыны айтылады. 

Партияның Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметінің өкілдері осы мәліметке қатысты пікір білдірді.

"Аркадий Ниді ұстау дерегі бойынша Nur Otan облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес бюросына оны Nur Otan партиясы билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынды.

Облыстық Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Аркадий Ни Nur Otan партиясынан шығарылды", - делінген партияның хабарламасында.



#аркадийни #депутат #мәслихат #нуротан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.12.2020
02.12.2020
18.08.2020
18.08.2020
27.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031