USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға хат жолдады

  • 09.августа.2020, 18:30,
  • 660

Білім министрі ұстаздарға жеке-жеке хат жолдады.

"Қымбатты әріптес! Сіз осы қиын кезеңнен отбасыңызбен бірге аман-есен өтіп, денсаулығыңызға еш қауіп төнбейтін жағдайда жүрсіз деген үміттемін. Сізге пандемия жағдайындағы баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз сізбен осынау қиын уақытты еңсеру жолындамыз. Коронавирус пандемиясы баршамыздың тұрмыс-тіршілігімізге әсер етті. Сүрінбей өтуге тиіс түрлі сынақтарға толы уақыт басталды. Осыдан жарты жыл бұрын мұндайды тіпті елестетпеген едік. Өкінішке орай, жақын адамдарымыздан айырылып жатырмыз. Білім және ғылым жүйесі адами құндылықтарды дәріптеген, ұрпақты тәрбиелеп, білім берген арда азаматтарынан – сала ардагерлерінен, біздің қымбатты әріптестерімізден айырылуда. Туыстары мен достары көз жұмған әріптестерімнің қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Дәл қазіргі қиын кезеңде жақындарымыз бен өз өміріміздің, денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміздің маңызы мен қадірін түсініп, бағалауды үйреніп жатырмыз. Кез келген қиындық бізді шыңдай түсіп, сынақтар жігерімізді қайрап, рухымызды мықты етеді", – деп жазылған министрдің әрбір мұғалімге жолдаған хатында. 



#бғм #асхатаймағамбетов #хат #ұстаздар

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.04.2020
22.04.2020
27.12.2019
13.06.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30