20 мамырда мәжіліс заң жобасындағы сенат енгізген ұсыныстарды мақұлдап дауыс берген. Сенат депутаттары заң жобасындағы алты бапқа байланысты бірқатар ұсыныс жасаған:
- бейбіт жиын кезінде маска сияқты қорғаныш құралдарын пайдалануға рұқсат беру;
- митинг орындарын көпшілікке көрінетін орталықтарда ұйымдастыру;
- жиын өткізетін орындардың санын үшке дейін жеткізу және;
- жиын ұйымдастырушысы немесе оған қатысушы заң талаптарын бұзса, олардың бейбіт жиынға қатысуына тыйым салынады
Сенат қарауына жіберілген заң жобасы қоғам өкілдері мен халықаралық ұйымдардың сынына ұшыраған. Олар Қазақстан билігін пандемия індеті кезінде елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызы бар заң жобасын қарауды кейінге қалдыруға шақырған.
Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы да төтенше жағдай кезінде халықтың заң жобасына қатысу мүмкіндігі жоғын айтып, Қазақстан билігін құжатты талқылауды кейінге қалдыруға шақырған еді.