"Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткері, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, белгілі заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов, қоғам қайраткері, "Мазмұндама" ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков, "Талбесік" көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова, заңгер, "Ізгілік елшісі" республикалық еріктелер қозғалысының жетекшісі, заңгер Айнұр Сәбитова кірді", - делінген хабарламада.
Алайда ұлттық кеңестің құрамынан Э. Әзімова, А. Саин, Б. Палымбетов, А. Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев шығарылды.