Бұл туралы Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы сапалы партиялық тізім қалыптастыру үшін ашық партияішілік іріктеу жүргізу маңыздылығына айрықша назар аударды.
"Әрбір мәслихаттың сайлауалды партиялық тізіміне кемінде 30 пайыз әйел және 35 жасқа дейін 20 пайыз жас адамдар қосылуы тиіс. Сонымен қатар тізімге халықтың түрлі санатының өкілдері, Отанына оралған қандастарымыз, мүмкіндігі шектеулі адамдар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері кіруі тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.