Шара жайлы Мемлекет басшысы былай деді: "Жақсы дәстүрге айналған "Айбын" әскери-патриоттық жиыны - отаншыл жастарды адал қызмет етуге, Ел қорғаны болуға тәрбиелейтін дәл осындай бірегей алаң".
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздарға жалынды тілегін арнады. «Отанымыз - Мәңгілік елдің беделін арттыра беру - Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін», - деді ҚР Президенті.