USD 515.89
EUR 536.32
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Болат Бақауов мерзімінен бұрын түрмеден шығуға рұқсат берілген жоқ

  • 29.қазан.2021, 16:29,
  • 122

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін кері қайтарып алды.

"Павлодар қаласының №2 сотына Болат Бақауовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші келіп түсті. 29 қазанда сот отырысы басталғанға дейін ол өтінішті кері қайтарып алды", – делінген сот хабарламасында.


Нәтижесінде өтініш Бақауовқа қайтарылды.


2020 жылдың қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Болат Бақауовты ұстаған еді. Ол билікті асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды. Былтыр мамырда ол 3,5 жылға сотталды.


Белгілі болғандай, Бақауовтың туысына тиесілі AksuTransLogistic кәсіпорнында 200 млн теңгеден астам сомаға салық заңнамасы бұзылған. Бұрынғы әкім МКК-ден салықтық тексерудің шынайы нәтижелерін жарияламауды және қосымша есептелген соманы 3 млн теңгеден кем емес қылып азайтуды талап етті.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031