USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Денсаулық сақтау басқармасына үкім шықты

  • 27.қазан.2021, 10:44,
  • 231

Петропавл қалалық сотының үкімімен Қабдрахман Сақтағанов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша пара сомасының 30 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Оған жаза мерзімінде үйқамақта ұстау уақытын есепке алуды ескере отырып, 5 807 478 теңге айыппұл салынды. Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқара алмайды.


Осы үкіммен Айнагүл Қарабаеваға лауазымды тұлғаға пара бергені үшін пара сомасының 20 (жиырма) еселенген түрінде жаза тағайындалды, бұл 4 000 000 теңгені құрайды.


Тергеу барысында "Денсаулық" жеке коммерциялық емес мекемесінің жетекшісі А. Қарабаева 23 қыркүйекте жас дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсету мәселесі бойынша уәкілетті және атқарушы органдар алдында мақұлдау алу үшін Қ. Сақтағановқа 200 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат бергені анықталды.


Айта кету керек, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына әсер ету мақсатында сот процесін сотталушының әріптестері – облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ұжымы бақылады.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2021
21.07.2021
23.04.2021
31.10.2020
19.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930