USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

  • 14.қазан.2021, 19:08,
  • 95

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындылары туралы баяндалды, делінген Ақорда сайтында.


Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, облыста сауда, ауылшаруашылығы, құрылыс, инвестиция, шағын және орта бизнес салаларында өсім бар. Өңірлік жалпы өнімнің көрсеткіші бойынша республикада екінші орынға шыққан.


Мемлекет басшысына облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет берілді. Жалпы коронавирус індеті басталғалы бері өңірде 14 645 адам індет жұқтырған. Бұл – облыс тұрғындарының 1,6 пайызы. Қазір аймақтағы азаматтардың 97,8 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алған.


Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша есеп берді. Облыс орталығының маңындағы 4 қайнар ауыз су қорын артығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Президентке қазіргі уақытта өңірдегі ағын су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар туралы баяндалды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.


Мемлекет басшысы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын және аймақтағы өзге де қолға алынған жобаларды кезең-кезеңімен, уақтылы жүргізіп, тиянақты аяқтауды тапсырды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.07.2021
17.06.2021
05.05.2021
13.02.2021
11.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930