USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыға Ауғанстаннан екінші ұшақ келіп қонды

  • 23.августа.2021, 14:09,
  • 100

Ауғанстаннан Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерлері мінген екінші ұшақ кеше Алматыға ұшып келді.

"22 тамызда БҰҰ Ауғанстаннан 108 адамын эвакуациялады, олар мінген үшақ Кабулдан Алматыға жетті. Бұл - соңғы аптадағы екінші осындай рейс. Ұшақ жолаушылар арасында БҰҰ қызметкерлері мен Ауғанстандағы БҰҰ серіктестері болып табылатын бірнеше үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері бар", деп хабарлады Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі.


Сонымен қатар өкілдіктегілер БҰҰ өзінің мыңдаған қызметкерлері мен серіктестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша назар салып отырғанын айтты. Ұйым көмекке мұқтаж миллиондаған ауғандықтарға маңызды гуманитарлық және басқа да көмектерді жеткізу үшін бірқатар істер атқарады.


19 тамызда Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) және БҰҰ -ның басқа да агенттіктерінің қызметкерлері мінген алғашқы ұшақ Алматыға қонды. Сыртқы істер министрлігі келген қызметкерлердің халықаралық дипломаттар, БҰҰ төлқұжаты мен иммунитеті иегерлері екенін хабарлады. Қазақстанда UNAMA мен БҰ -ның басқа да агенттіктерінің кеңселері уақытша, шартты түрде алты айға орналастырылады. Олардың мұнда тұруы мен кеңселерді жалға алу бойынша барлық шығындары БҰҰ бюджетінен толық қаржыландырылады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.09.2021
23.08.2021
19.08.2021
19.08.2021
20.08.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930