USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Ермекбаевтың отставкасын қабылдады

  • 31.августа.2021, 13:45,
  • 182

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевты қызметінен босатты.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында жазды.


"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады", - деп нақтылады Берік Уәли.


27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстардан кейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген еді.


"Менің басты мақсатым - төтенше жағдайдың салдарын жою. Егер отставкаға кету жайына келетін болсақ, мен бұл жаңалықты естіген бойда өзім үшін шешім қабылдадым: өз еркіммен отставкаға кетемін, отставка сұраймын. Қалғанының барлығын жоғары басшылық шешеді", - деді Ермекбаев.


Нұрлан Ермекбаев 2018 жылдың тамызында Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Ол бұл тағайындауға дейін ҚР Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.


Айта кетсек, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысында жарылыстар болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 15 адам қаза тапты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.09.2021
30.07.2021
30.07.2021
04.02.2021
04.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930