USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевты телефонмен құттықтады

  • 01.қыркүйек.2021, 10:06,
  • 167

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Джозеф Байденнен хат келіп түсті.

Қазақстан Президентінің атына келген хатта Джозеф Байден Семей ядролық полигонының жабылғанына отыз жыл толуына орай құттықтауын жеткізген.


"29 тамыз күні Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан Республикасының халқына ең ізгі құттықтауымды білдіргім келеді. Америка Құрама Штаттары бұрынғы сынақ полигоны аймағын қалпына келтіру мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Сіздің Үкіметіңізбен арадағы жалғасып жатқан ынтымақтастықты қоса алғанда, Қазақстанмен берік серіктестігін нығайта бермек. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап Семей аймағында әріптестік қарым-қатынаста жұмыстар атқарып келеді", – деп жазды АҚШ Президенті.


Джозеф Байден қауіп-қатерлерді бірлесіп төмендетуге бағытталған Нанн-Лугар бағдарламасы аясында кеңестік ядролық сынақ инфрақұрылымынан қалған мұраны жою жолында Қазақстан мен АҚШ-тың бірігіп жұмыс атқарғанын еске алып, екі елдің достығын атап өтті.


"Америка Құрама Штаттары Сіздің еліңізді дос деп мақтана айтады және мен серіктестігіміздің әлеуетін толық әрі жемісті іске асыру үшін Сізбен жұмыс істеуге дайынмын", – делінген Джозеф Байденнің хатында.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.07.2021
23.06.2021
14.12.2020
08.11.2020
29.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031