USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Судьялар корпусында кадрлық өзгерістер болды

  • 04.августа.2021, 12:06,
  • 139

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 30 шілдедегі "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағаларын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды.

Төраға лауазымына келесі адамдар тағайындалды:


Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Ербар Қалиев Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;


Түркістан облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Нұрлан Биболов Шымкент қаласы сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;


Ақмола облысы бойынша: Әлібек Оразов Біржан ауданының соты болды;


Алматы облысы бойынша: Кербұлақ аудандық сотына Марта Жүкенов осы облыстың Ескелді аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;


Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Жарма аудандық сотына Руслан Омаров осы облыстың Күршім ауданының No2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;


Қостанай облысы бойынша: Рудный қалалық соты - Ерлан Мырзағожинов;


Алматы қаласы бойынша: Жетісу ауданының No2 аудандық соты - Сержан Байболов.

Сондай-ақ жаңа судьялар тағайындалды.


Қызметінен босатылды:


Алматы қаласы бойынша: өз өтініші бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Мұхамеджан Ерзақов судьяның өкілеттігі тоқтатыла отырып;


басқа жұмысқа ауысуына байланысты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айжан Смайыл;


Нұр-Сұлтан қаласы бойынша: өз өтініші бойынша Алматы аудандық сотының судьясы Айнаш Бозжігітова;


басқа жұмысқа ауысуына байланысты Есіл ауданының No2 аудандық сотының судьясы Азизбек Мұсабеков.


Құжаттың толық нұсқасын мына арадан көруге болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.08.2021
27.05.2021
09.04.2021
10.01.2021
09.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031