"Қазір құрылыс маусымына байланысты жұмыстар қайта жанданды. Шарт бұрынғы, олар келісімшарттарда белгіленген. Бізде қытайлық та, жергілікті де серіктестер бар. Шарт міндеттемелеріне сәйкес жұмыстар жүріп жатыр.
Жұмыс белсенді жүріп жатыр деп айта алмаймын. Белсенді жұмыс қаржының түскеніне қарай жалғасады. Қазір конкурстық рәсімдер, банктерді таңдау жүріп жатыр. Қаржыландыру көзін анықтағаннан кейін жұмысты белсенді түрде бастаймыз", - деді әкім ОКҚ онлайн-брифингінде журналистердің сұрағына жауапта.
Алтай Көлгіновтің айтуынша, бетон немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізбес бұрын міндетті түрде техникалық сараптама жүргізіледі.
"Бұл техникалық қадағалау бөлімінің бақылауында. Техникалық қадағалау бар. Мамандар жұмыс істеп жатыр", - деді ол.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда LRT жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталғаны хабарланған болатын.
Қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі.
#LRT #Нұр-Сұлтан #құрылыс #Көлгінов #жоба