USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жастарға арналған жалдамалы пәтер сатып алу шарты жеңілдеуі керек

  • 13.қазан.2021, 15:11,
  • 297

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "NurOtan" партиясы фракциясының депутаты Ғани Ташқараев Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.

Оның сауалы "Жұмыс істейтін жастарға атып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру" бағдарламасы туралы екен:


"Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасында сұранысқа ие мамандық бойынша жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін үй беру арқылы жас мамандарды қолдау көзделген. Осы бағытта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылы "Жастар жылы"-ның ашылуында Республиканың үш ірі мегаполистерінде (Нұр-Султан, Алматы, Шымкент) жүзеге асырылады, аталған қалаларда жыл сайын 1000 пәтер жастарға арналып тапсырылады.


Сонымен қатар, "Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығына сайкес өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама көрсетуді талап етеді. Егер бағдарламаның басында бұл сомма 101 000 тенгені құраса, 2021 жылдан бастап бұл 116 600 тенгені құрады.


Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша республикада 20-29 жастағы азаматтарымыздың саны 2 537 252 жетті. Қалада тұратын жастардың үлесі 1 510 892 құрайды. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді.


Осы бағдарлама іске асып жатқан қалалар бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша салыстыратын болсақ, 2021 жылдың 1 тоқсанына Шымкент қаласында 76 982 теңге, Алматы қаласында 166 554 теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 179 722 тенгені құрап отыр.


Өңірлерге жұмыс сапар барысында жастармен кездесуде жастар тарапынан бірқатар мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, жалдамалы пәтерлерді алу конкурсына қатысу үшін тұрғын үйге мұқтаж жас мамандар үшін жалақы мөлшері тым жоғары екендігі айтылды. Жалға берілетін тұрғын үйді конкурс бойынша алу қиын.


Жұмысшы жастардың айтуынша, пәтер алу үшін айлық көрсеткішті (40-тан 25 АЕК-ке дейін ) төмендету - бұл біздің мегаполистердегі еңбегі өте қажет жас отбасылар мен жас мамандарға үлкен көмек.


Жоғарыда айтылғандардың негізінде жастарды қолдау мақсатында жалға берілетін тұрғын үйге арналған конкурстарға қатысушыларға қойылатын талаптарды өзгерту мүмкіндігін қарауды сұраймын.


"Бұл бағдарламаның мақсаты мегаполистердегі сұранысқа ие мамандықтардың жас мамандарымен қамтамасыз ету екенін еске салғым келеді. Осыған байланысты жас мамандардың табыстарына қойылатын талаптардың жоғарылығы түріндегі тосқауылдарды белгілеу орынсыз деп санаймыз және жастарды жалға берілетін тұрғын үй конкурсына қатысуға жол беретін сомалардың, табыстардың еселігін азайтуды ұсынамыз", - деді ол.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.10.2021
11.10.2021
06.10.2021
03.09.2021
27.04.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930