USD 426.14
EUR 497.05
RUB 6.02
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда коммуналдық төлемдерге қанша ақша жұмсайды?!

  • 23.қыркүйек.2021, 09:46,
  • 62

Қазақстандық отбасылардың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге шығындары ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бір үй шаруашылығына орта есеппен 34,5 мың тг жетті. Бұл ақшалай мәнде бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,6%, бес жыл бұрынғыдан 36,3% және он жыл бұрынғыдан – 84% артық.

Жалпы барлық бағыттар бойынша ақшалай шығындардың жиынтығы ҚР-де бір үй шаруашылығына орта есеппен ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 676,6 мың тг құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 19,5%, бес жыл бұрынғыдан 67,1% және он жыл бұрынғыдан – бірден 2,3 есеге артық.


Сонымен бірге ақшалай табыс тоқсан ішінде бір үй шаруашылығына 703,7 мың тг жетті – өткен жылға қарағанда 13,5%, бес жыл бұрынғыға қарағанда 56,8% және он жыл бұрынғыдан 2,3 есе жоғары.


Сөйтіп, халықтың "коммуналкаға", тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге шығындары қазақстандық отбасылар шығындарының жиынтығынан әлдеқайда баяу серпінмен өсуде. Көп жылдық динамикада үй шаруашылықтарының табыстары, өз кезегінде, едәуір жылдам ұлғаюда; нәтижесінде, тұрғын үй шығындарының орташа деңгейдегі тұрғынның қалтасына қысымы төмендейді.


2021 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге шығындардың үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындардан үлесі небәрі 5,5% құрады. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,6%, бес жыл бұрын – 6,7%, он жыл бұрын – 6,9% құрады.


Сектордағы шығындардың үй шаруашылықтарының жиынтық шығындардан үлесі небәрі 5,1% дейін қысқарды, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 5,2%, бес жыл бұрынғыдан – 6,2% және он жыл бұрынғыдан – 6,4% қысқарды.


Іс жүзінде, отбасылық бюджеттегі коммуналдық және тұрғын үй төлемдерінің салмағы соншалықты үлкен емес, бұл өсіп жатқан инфляция және өзге сектордағы бағалардың тұрақсыздығымен салыстырғанда, қандай да бір оптимистік үміт сыйлайды.


Өңірлік бөліністе коммуналдық және тұрғын үй шығындарының отбасылық бюджетке қысымы Атырау, Алматы мен Жамбыл облыстарының тұрғындарына ең аз сезіледі, мұнда үй шаруашылығындағы тұтынушылық шығындардан сектордағы шығындардың үлесі 3,1% бастап 3,8% дейінгі аралықта құбылады, ал жиынтық шығындардың үлесі 3,7% аспайды.


Анықтама үшін: үй шаруашылықтарының ақшалай шығындарының жиынтығы өз ішінде тұтынушылық шығындарды, туыстар мен таныстарға материалдық көмекті, алименттерді, салықтар мен басқа да төлемдерді, сондай-ақ кредиттер мен қарыздарды өтеуді қамтиды.


Тұтынушылық шығындар – үй шаруашылықтарының азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларды, сондай-ақ ақылы қызметтерді сатып алуға бағытталған ақшалай шығындарының бір бөлігі.


Қазақстандық отбасылардың барлық бағыттар бойынша жиынтық шығындарға қатысты айтар болсақ, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру, бос уақыт, тұрмыстық және өзге де тауарларды жөндеу және т.б. қоса алғанда, шығынға ең көп ұшырайтын отбасылар Алматы (ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бір үй шаруашылығына 818,9 мың тг), сондай-ақ Қызылорда (795 мың тг) және Қарағанды (778,5 мың тг) облыстарында байқалды; ең төмен – Шымкент (508,3 мың тг), Қостанай облыстарының (528,2 мың тг) және БҚО (580,1 мың тг) отбасыларында тіркелді.


Сонымен қатар, ең жоғарғы табыс Маңғыстау облысында (тоқсан ішінде бір үй шаруашылығына 979,4 мың тг), Нұр-Сұлтан қ. (891,3 мың тг) және Қарағанды облысында (835 мың тг), ал ең төмен – Шымкентте (566,6 мың тг), сондай-ақ Жамбыл (598,9 мың тг) және Алматы (604,4 мың тг) облыстарында байқалады.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.09.2021
31.08.2021
20.08.2021
10.08.2021
15.03.2021
ПІКІР
15 қазан19:30,
сараптама / Видео
Жетімдерді билік қашан жебейді?!   Видео
15 қазан12:53,
ҚОҒАМ
Алаяқтар көбейді  
«    Қазан 2021    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031