USD 540.84
EUR 634.46
RUB 6.43
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағандыда қылмыстық топ заңсыз покер ашқан

  • 16.сәуір.2021, 14:00,
  • 248

Қарағандыда қаладағы қонақүй кешендерінің бірінде заңсыз жұмыс істейтін ойынхана қызметі анықталды. 

Заңсыз ойын бизнесін бес адамнан құралған қылмыстық топ ұйымдастырған.

"Тергеу барысында шамамен екі миллион теңге және бір мың доллар сомасындағы ақша, ойын карталары, фишкалар мен покер ойнауға арналған үстел табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.


Айта кетейік, қаңтарда Шымкентте жалдамалы пәтерде заңсыз ойынхана ашқан ер адам жазаланған еді. Онда ойын карталары, фишкалар мен покер ойнауға арналған үстел болған.



#покер #заңсызойын #Қарағанды #фишкалар #қылмыстықтоп 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930